Рассел Айра Кроу (; 7 сәуір 1964, Веллингтон) – американ-австралия актері, тегі жаңазеландиялық.Frank Lovece. Russell Crowe has enough ego to be a bad guy you'll remember (ағылш.). «Newsday» (New York) (6 тамыз,1995).

Рассел 1980 жылдары «Russ Le Roc» музыкалық ұжымның мүшесі болады. Кейінірек өзінің жаңа рок тобын құрған. 2005 жылы топ мүшелері тарап кеткеннен кейін өзінің жеке мансабын бастайды. 1992 жылы экранға шыққан «Ромпер-стомпер» фильміндегі рөлі үшін Рассел Ұлттық Кино сыйлығымен марапатталған болатын. Осыдан кейін оған голливуд режиссерлерінен ұсыныстар түсіп, ол бірқатар танымал киноларға түсе бастайды. 2000 жылғы «Гладиатор» тарихи фильмі үшін «Оскар» сыйлығына ие болады.

Фильмография «Қанды серт» (1990), «Жылдам және өлімсек» (1995), «Гладиатор» (2000) «Робин Гуд» (2010), т.б.

Дереккөздер

Санат:BAFTA марапаты иегерлері Санат:Алтын глобус сыйлығының иегерлері Санат:Үздік актер үшін Оскар сыйлығының иегерлері