Маруся Климова (шын аты-жөні — Татьяна Николаевна Кондратович) — орыс жазушысы, аудармашы.

Өмірбаяны 1961 жылы 14 қаңтарда Ленинградта дүниеге келген. Санкт-Петербург Гуманитарлық университетінің филология факультетін бітірген. Университетті бітірген соң аудармашы, мұражайдың ғылыми қызметкері болып жұмыс істейді. Өзінің автобиографиялық трилогиясында («Голубая кровь», «Домик в Буа-Коломб», «Белокурые бестии») Ресейдің 80-90 жылдардағы тыныс-тіршілігі суреттелген. Француз тілінен Л.Ф. Селина («Смерть в кредит», «Из замка в замок», "Север", "Ригодон"), Жана Жене («Кэрель»), Пьер Гийота («Проституция», "Эдем, Эдем, Эдем"), Жорж Батай («История глаза»), Монник Виттиг («Лесбийское тело»), Луи Арагон, Франсуа Жибо, Пьер Буржада, Мишель Фуко шығармаларын аударған.

Шығармалары «Голубая кровь» (1996) «Домик в Буа-Коломб» (1998) «Белокурые бестии» (2001) «Морские рассказы» (1999) «Селин в России» (2000) «Моя история русской литературы» (2004) «Парижские встречи» (2004) «Моя теория литературы» (2009) Портрет художницы в юности (2012) Безумная мгла (2013) Профиль Гельдерлина на ноге английского поэта (2016)

Дереккөздер

Санат: Орыс жазушылары