Ян Заградничек (чех. Jan Zahradníček; 1905 жыл 17 қаңтар - 1960 жыл 7 қазан) – чех халқының католиктік бағыттағы атақты ақындарының бірі. Ол алғаш рет христиан тақырыбында өлең жазады. 1930 жылы «Өлімнің азғыруы» («Pokušení smrti») атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. Сондай-ақ «Қайта оралу», «Тырналар», «Ыстық жаз» және «Күнге тағзым» атты кітаптары бар. 1940-1948 жылдары Брнодағы «Akord Revue» атты журналдың редакторы болады. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жазған патриоттық өлеңдері «Тулар», «Әулие Вацлав» атты жинақтарда басылып шығады. Брно қаласындағы тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылған.

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар