Байжансай — Түркістан облысы Бәйдібек ауданы, Алмалы ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы – Шаян ауылынан шығысқа қарай 45 км-дей жерде, Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейінде орналасқан. Таулық сұр қызғылт қоңыр топырақты қуаң агроклиматты белдемде жатыр; өлең, қоңырбас шөп, бидайық өседі.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен339198 32 16,2 98 19 19,4 100 13 13

Тарихы Іргесі полиметалл кенінің ашылуына байланысты 1930 жылы қаланған. Байжансай кентінде кен байыту фабрикасы жұмыс істеген. Байжансайда өндірістік кооперация, жеке шаруашылықтар жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы Оқу-тәрбие, мәдени-ағарту, денсаулық сақтау мекемелері бар. Тұрғындары Шымкент қаласымен, аудан орталығымен және басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;

Дереккөздер

Санат:Бәйдібек ауданы елді мекендері