Ардақ Жамансарыұлы Әмірқұлов (10 желтоқсан, 1955, Ақкөл ауылы, Талас ауданы, Жамбыл облысы – 5 тамыз 2026) — қазақстандық кинорежиссёр және сценарийші.
Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.
Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын (С.Соловьевтің шеберханасы бойынша) бітірген (1988).Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: “ҚазАқпарат”,2009, 1-т. — 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5
Оның «Отырардың күйреуі» екі сериялы фильмі Қазақстан мемлекеттік сыйлығына (1992), Монреаль қаласында (Канада) өткен халықаралық кинофестивальда (1991) киносыншылар халықаралық ассоциациясының «Фипресси» жүлдесіне, Фигуэйра Де Фош қаласындағы (Португалия) халықаралық кинофестивальдың (1992) «Күміс табақша» жүлдесіне және Ашхабадтағы (Түрікменстан) 1-халықаралық кинофестивальдың (1992) «Күміс жарты ай» Бас жүлдесіне ие болған. Ал «Абай» екі сериялы фильмі (1995, «Ард-фильм» және «Қазақфильм» студиялары), Ташкент (Өзбекстан) кинофестивалінің «Күміс Семург» жүлдесін (1997); Гатчина қаласында (Ресей) өткен «Әдебиет және кино» 5-кинофестивалінде «Жастар қоғамдық қазылар алқасының жүлдесін» және Бүкілодақтық Мемлекеттік Кинематография институтының медалін алған (1998).
1997 жылы "Ард-фильм" және Қазақстан Ұлттық продюсерлік орталығы көркем фильмдерінің режиссері болған. Ол "Мутанттар" (1987) көркем фильмінің сценарийін жазған. Қазақ ұлттық Өнер академиясында курс жүргізеген (1996).
Фильмография
1992 — «Отырардың күйреуі» 1995 — «Абай» 1999 — «1997 — Записи Рустема с картинками» 2008 — «Қош бол, Гүлсары!» 2018 — «В безмолвии» 2022 — «Хирург» 2023 — «Жел тоқтаған жер»
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері