Асықата — Түркістан облысының Жетісай ауданындағы кент, Асықата кенттік әкімдігі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы — Жетісай қаласынан солтүстікке қарай 17 км-дей жерде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1068211102 14245 128,3 5443 7119 130,8 5659 7126 125,9

Тарихы Іргесі 1939–1940 жылдары Мырзашөл даласын игеру кезінде қаланып, «Бағара» ауылы деп аталған, 1940–1962 жылдары Киров ауданының орталығы болды. 1962–1967 жылдары «Киров» ауылы, 1967–1995 жылдары Киров кенті болды. 1996 жылы аудан Асықата болып өзгеріп, Асықата ауданының орталығы болды. 1997 жылы аудан таратылып, Мақтаарал ауданына қосылды.

Кәсіпорындары Кентте республикадағы ең ірі мақта тазалайтын зауыт жұмыс істеген, соның негізінде мақта жинайтын, өңдейтін АҚ, өнеркәсіп, шаруа қожалықтары құрылған.

Инфрақұрылымы Асықатада тұрмыстық қызмет көрсету орындары, 2 орта мектеп, мәдениет үйі, клуб, аурухана, емхана жұмыс істейді.

Бұл кент Қазақстан Жазушылар Одағын басқарған, дүние жүзінің қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары болған қоғам қайраткері Қалдарбек Найманбаевтың туған жері.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы.

Дереккөздер

Санат:Жетісай ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан кенттері