Empire () – 1989 жылдан бастап ай сайын жарық көретін, кинематография жайлы мақалаларды жариялайтын Ұлыбритания журналы. Алғашқы шығарылымынан бастап кино тақырыбында шығатын журналдардың ішінде көшбасшы саналады. Bauer медиатобының иелігінде. Австралия, Түркия және Ресейде басылып шығады. Ұлыбританияда журнал жыл сайын оқырмандар тарапынан тағайындалатын Empire Awards кино жүлдесін табыстайды. Бұл жүлденің демеушісі ретінде осы күнге дейін Sony Ericsson компаниясы болған болса, қазіргі кезде Jameson компаниясы өз жауапкершілігіне алды.Jameson Empire Awards 2009 website

Тағы қараңыз «Sight & Sound» «Cahiers du Cinéma»

Дереккөздер

Санат:Ұлыбритания журналдары Санат:Кино туралы журналдар Санат:Ағылшын тілді журналдар Санат:1989 жылы негізі қаланған журналдар