Алтынай — фольклорлық- этнографиялық би ансамблі. Қазақ өнері тарихындағы халықтық-фольклорлық бағыттағы тұңғыш би ұжымы.
Мақсаты: халық билері үлгілерін жандандырып, сахнаға шығару.
Тарихы 1986 жылы Сүйінбай атындағы облыстық филармонияның жанынан құрылған.
1991 жылы ол Қазақстан мемлекеттік халық би ансамбліне айналды. Оның тұңғыш көркемдік жетекшісі Голушкевич, қазір Талант Қылышбаев.
Репертуары және белгілі ұжым қатысушылары Ансамбль репертуарында ежелгі қыпшақ биі "Алқа-қотан", тұрмыстық "Киіз басу", салт-дәстүрлік "Қоштасу", көне әдет-ғұрыптық "Бақсы биі", әзіл-қалжыңды "Келіншек", "Ұтыс", "Аударыспақ", аспаптық "Аса- таяқ", "Домбыра", т.б. көне билер бар. Халықтық үлгідегі бұл билерді қазақ өнерінің ардагері, суретші, әрі биші Ә.Ысмайлов, балетмейстер, ұстаз-хореограф О.В.Всеволодская-Голушкевич, ансамбльдің тұңғыш солисі, ҚР-ның еңбек сіңірген артисі Т.Ізімова сахнаға шығарды.
Марапаттары "Алтынай" ұжымы 1999 жылы Бельгияда өткен Халықаралық фольклорлык би фестивалында 1-орынға ие болды. Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:Этнографиялық би ансамблі Санат:Алматы мәдениеті