Болат Өтебаев (1936, Атырау облысы) - Арман (1991) және Қарашығанақ (2001) мұнай, газ көздерін алғашқы ашқан ізашар.
Өмірбаяны 1959-1961 жж. - оператор, Құлсары МКБ мұнай өндіру жөніндегі шебер. 1961-1996 жж. - бұрғышы шебер, бас инженер, мұнайбарлау учакесінің бастығы, өте терең бұрғылау Биік жал экспедициясының бас инженері, Оңтүстік-Ембі МБЭ және «Маңғыстаумұнайгазбарлау» КЭ бастығы; «Қазмұнайгазгеология» өндірістік-геологиялық бірлестігінің бас инженері. 1997-2001 жж. - жер қойнауын қорғау және пайдалану Атырау облыстық мемлекеттік инспекциясының бастығы. 2001 ж. бастап - зейнеткер. 2004 ж. бастап «Мұнайшы» қоғамдық қорын аймақтық үйлестіруші.
Марапаттары «Құрмет белгісі» ордені медалдар. КСРО жер қойнауларын үздік барлаушы ҚР жер қойнауларын үздік барлаушы.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1
Дереккөздер
Санат:1936 жылы туғандар Санат:Атырау облысында туғандар Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Маңғыстаумұнайгазбарлау тұлғалары Санат:Қазмұнайгазгеология тұлғалары Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:КСРО жер қойнауларының үздік барлаушылары Санат:Қазақстан жер қойнауларының үздік барлаушылары