Cepiк Кенжеғалиев (1933-1993, Атырау қаласы). Атырау мұнай техникумын бітірген (1958). 1958-1960 жылдары - «Қазмұнайгазбарлау» тресі Қызан мұнай барлауында бұрғышының көмекшісі, бұрғышы. 1960-1973 жылдары - Жетібай МБЭ сазбалшық ерітінділері жөніндегі инженер, аға инженер, шайылма ерітіділер лабораториясының бастығы, экспедиция бастығының орынбасары. 1973-1993 жылдары - Балықшы бұрғылау жұмыстары басқармасында өндірістік қызмет көрсету базасының бастығы, технологиялық көлік басқармасының тампонаждық цехында бастық, «Жайықмұнай» МГӨБ бастықтың орынбасары, Мартыши мұнай кәсіпшілігінде материалдық- техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Тұлғалар