Cepік Кемелов (1946, Атырау облысы). Жер қойнауын барлаудың үздігі (1985). Қазақ политехниикалық институтын (1974), Грозный мұнай техникумын (1989) бітірген. *1964-1965 жылдары - Қаратон МАБ электр монтері. 1965-1968 жылдары - Кеңес Армиясының қатарында азаматтық борышын өтеген. 1974-1983 жылдары - «Атыраумұнайгазгеология» бірлестігінің Оңтүстік Ембі МБЭ бұрғышының көмекшісі, бұрғышы, бұрғылау шебері, АИТҚ бастығының орынбасары, аға инженер, ОИТҚ бастығы. 1983-1986 жылдары - Геология министрлігінің «Шетелгеологиясында» бұрғылау жөніндегі инженер. 1986-1996 жылдары - Оңтүстік Ембі МБЭ ұңғымаларды бекіту жөніндегі жетекші инженер-технолог, бас инженердің еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі жөніндегі орынбасары, бас инженер. 1996-1997 жылдары -өндірістік бөлімнің бастығы, технология жөніндегі вице-президент. 1997 жылдан -«Атыраумұнайгазгеология» АҚ президенті.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мұнайшылары