Құрманжан Закария () - қазақ күйшісі. 1964 ж. маусым айында туған. Іле Шыңжаң ән-би ансамблінде өнер көрсетеді. Қытайдың мемлекеттік бірінші дәрежелі орындаушы лауазымына ие. Домбыраға арналған күйлердің композиторы және орындаушысы ретінде көптеген сыйлармен марапатталған. 1994 ж. Қытайдың атақты мамандары энциклопедиясына (Шыңжаң басылымы) енген. 1998 ж. Қытайдың қазіргі заман өнерінің атақты тұлғалары жинағына енген.

Сыртқы сілтемелер Байду энциклопедиясындағы Құрманжан Закарияға арналған мақала

Санат:Күйшілер Санат:Қытай қазақтары