Несиелік рейтинг — қарызгердің (жеке тұлға, аймақ немесе ел) несие алуға қабілеттілігі мен төлем төлеуге қабілеттілігін кешенді түрде бағалау шамасы. Несиелік рейтинг қарызгердің бұрынғы және қазіргі қаржылық тарихы, сонымен қатар оның мүліктерінің бағасы мен міндеметтелерінің (қарызы) құны негізінде есептелінеді. Бұл ұғымның негізгі мақсаты — потенциалды несие беруші / салымшыға қарызгердің уақтылы өзіне жүктелген қаржылық міндеттемелерін орындай алу ықтималдығын бағалау. Соңғы кездері несиелік рейтингтерді пайдалану ауқымы өсе бастады: оны жаңа сақтандыру жарнасын есептеуде, жалға берудегі кепілдерді, үміткерлерді жұмысқа алудағы олардың сапасын анықтауда пайдаланылады.

Несиелік рейтинг салыстырмалы шама, сондықтан әр елдің, мекеменің, өндіріс саласының өзіндік сипаттамасын есепке алған маңызды. Төмен несиелік рейтинг, әрине, жағымсыз жағдай, себебі ол сол қарыздардың дефолтқа ұрынуының үлкен ықтималдығын көрсетеді.

Тәуелсіз рейтингтік агенттіктер

Әлемдегі ірі рейтингтік агенттіктер — Moody's, Standard & Poor's және Fitch Ratings.

Несиелік рейтингтер нышандары Компания несиелік рейтингісі құнды қағаздарға, мысалы облигацияларға, потенциалды инвесторлар үшін қаржылық көрсеткіш болып табылады. Рейтинг рейтингтік агенттіктермен бекітіледі, мысалы A.M. Best, Dun & Bradstreet, Standard & Poor's, Moody 's немесе Fitch Ratings және әріптік A, B, C сияқты белгіленеді. Standard & Poor's рейтингісі сенімді компаниялардан сенімсізге қарай былай болады: AAA, AA +, AA, AA-, А +, А, А-, BBB +, BBB, BBB-, BB +, BB, BB-, B +, B, B-, CCC +, CCC, CCC-, CC, C, D. BBB- рейтингісінен төмендері спекулятивті немесе тастама облигациялар болып табылады Moody рейтингтік жүйесі ұқсас болғанымен атаулары сәл басқаша. Сенімді компаниялардан сенімсізге қарай: Ааа, Аа1, Аа2, Aa3, A1, A2, A3, Baa1, Baa2, Baa3, Ba1, Ba2, Ba3, В1, В2, В3, Caa1, Caa2, Caa3, Ca, C. A.M. Best жақсы компаниядан нашарға қарай былай белгілейді: A++, A+, A, A-, B++, B+, B, B-, C++, C+, C, C-, D, E, F, и S. CTRISKS рейтингілік жүйесінде: CT3A, CT2A, CT1A, CT3B, CT2B, CT1B, CT3C, CT2C и CT1C. CTRISKS бір жыл ішіндегі дефолт ықтималдығын көрсетеді.

Moody's S&P Fitch  Ұзақ мерзімді Қысқа мерзімді Ұзақ мерзімді Short-term Ұзақ мерзімді Қысқа мерзімді  Aaa P-1 AAA A-1+ AAA F1+ PrimeAa1 AA+ AA+ Жоғарғы бағаAa2 AA AAAa3 AA- AA-A1 A+ A-1 A+ F1 Жоғарғы орташа бағаA2 A AA3 P-2A- A-2 A- F2Baa1BBB+BBB+ Төменгі орташа бағаBaa2 P-3 BBBA-3 BBB F3Baa3BBB-BBB-Ba1 Not prime BB+BBB+ B Инвестицияламау бағасы спекулятивтіBa2 BBBBBa3 BB-BB-B1 B+B+ Highly speculativeB2 B BB3 B-B-Caa1 CCC+CCCC C Әжептәуір рискCaa2 CCC Өте спекулятивтіCaa3 CCC- Дефолтта аздағанқалпына келу мүмкіндігіменCa CCCC D/DDD/Дефолтта/ DD/ D

Санат:Несие