Сәуле Дауылұлы Қапаров (1954 жылы 9 қыркүйекте Түркімен КСР Красноводск облысы Красноводск қаласында туған) — мұнай өнеркәсібінің қайраткері.
Жеке өмірі Ұлты - Қазақ.
Әкесі - Қапаров Дауыл Қапарұлы (1923-1983). Анасы -Қапарова Ләзиза (1924-1996).
Қазақ, орыс және ағылшын (базалық деңгей) тілдерін біледі.
Үйленген. Жұбайы - Қапарова Несіп (1955 ж. т.). Ұлы Қапаров Құдайберген (1982 ж. т.); қызы - Қапарова Мәлика (1986 ж. т.).
Өмірбаяны Красноводск химия-технология техникумының «Мұнай және газ тасымалдау және сақтау» факультетін (1973) техник-механик мамандығы бойынша;. И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химиялық және газ өнеркәсібі институтының «Химиялық өндірістер мәшинелері және аппараттары» факультетін (1981) инженер-механик мамандығы бойыша бітірген.
1973 жылдан - Красноводск құбырлар мен түтіктер арқылы жөнелту кеңсесінің слесарі, 1975 жылдан – техникалық бөлім инженері, қауіпсіздік техникасы жөніндегі аға инженері, күрделі құрылыс бөлімінің аға инженері, цех бастығы.
1984 жылдан - Қазақ газ өңдеу зауыты цехының шебері, механигі, аға механигі (Жаңаөзен қ.).
1986 жылдан - Шевченко қ. «Энергоарнайымонтаж» ӨБ №3 тәжірибелік зауыты учаскесінің құралдар және жабдықтар жөніндегі аға инженері, аға шебері, учаске бастығы (1987) жылдан- Новосібірлік «Өнеркәсіпболатқұрастыру» зауы тының Шевченко белімшесі).
1990 жылдан - «Электроортаазмонтаж» тресі №9 монтаж басқармасының прорабы (Шевченко қ.).
1993-1994 жылдары - «Айбар» директорының өндіріс женіндегі орынбасары (Ақтау қ.).
1995 жылдан бері - «Арман» БКЖШС әкімшілік мәселелер және материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі менеджердің көмекшісі, бас директордың көмекшісі, әкімшілік мәселелер және МТЖ женіндегі менеджері, мұнайды іске асыру және тасымалдау жөніндегі директоры (Ақтау к )Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мұнайшылары