Болат Қонақбайұлы Назаров (25 ақпан, 1955 жыл, Ақтөбе облысы, Ырғыз кенті) - «ҚазТрансГаз» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
Өмірбаяны Ақтөбе педагогикалық институтын (1979) мұғалім мамандығы бойынша бітірген. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (1988) тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген. 1979 жылдан - ҚазГЗГБИ инженері, зертхананың кіші ғылыми қызметкері, аға инженері, аға ғылыми қызметкері. 1993 жылдан - «ҚазИНТЭКС» инженер-технологиялық фирмасының директоры. 1995 жылдан - «Қарашығанақгазөнеркәсіп» АҚ өнімдерді өткізу және іске асыру бөлімінің бастығы, өнімдерді сату женіндегі вице-президенті. 1997 жылдан - «Қазақойл-Коммерция» ЖШС сұйытылған газ өткізу департаментінің директоры. 1998 жылдан - «Қазақойл» ҰМК» Қарашығанақ жобасын дамыту жөніндегі департаментінің директоры. 1999 жылдан - «ҚазТрансОйл» Мәскеудегі өкілдігі директорының орынбасары, «Қазақойл» ҰМК ЖАҚ Қарашығанақ жобасы жөніндегі департаментінің директоры. 2001 жылдан - «ҚазТрансГаз» ЖАҚ Қарашығанақ жобасы жөніндегі вице-президенті. 2002 жылдан - «ИнтерГаз Орталық Азия» ЖАҚ бас директорының орынбасары бірінші орынбасары. 2003 жылдан - «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ президентінің кеңесшісі, атқарушы директоры. 2005 жылдан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өнімдерді белу жөніндегі келісім жобаларын басқару жөніндегі басқарушы директоры. 2008 жылдан - «Қазросгаз» ЖШС даму жөніндегі бас директорының орынбасары. 2009 жылдан - «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры басқарма төрағасы. 2010 жылдан бері - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ газ жобалары жөніндегі басқарушы директоры.
Қоғамдық қызметі «ҚазТрансГаз» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы «ҚазРосГаз» ЖШС бақылау кеңесінің мүшесі.
Ғылыми еңбектері Одақтық және республикалық басылымдардағы денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыру және басқару жөніндегі ғылыми еңбектер мен әдістемелік ұсыныстар авторы.
Марапаттары мен жетістіктері «Kazenergy» Қазақстандық мұнайгаз және энергетика кешені ұйымдарының ассоциациясы» ЗТБ мұнайгаз саласына қосқан үлесі үшін медалі ҚР Президентінің алғыс хаты ҚР Премьер министрінің алғыс хаты ҚР мұнай және газ министрінің алғыс хаты
ОТбасы Үйленген. Жұбайы - Назарова Майра Шындаулетқызы (1960 ж. т.). Қыздары - Назарова Жанар Болатқызы (1982), Назарова Әйгерім Болатқызы (1988 ж. т.); ұлы-Назаров Теміржан Болатұлы (1996 ж. т.).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. Екі томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1
Дереккөздер
Санат:25 ақпанда туғандар Санат:1955 жылы туғандар Санат:Ырғызда туғандар Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Ақтөбе мемлекеттік университеті түлектері Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті түлектері Санат:Қазақойл тұлғалары Санат:ҚазТрансГаз тұлғалары Санат:ҚазМұнайГаз тұлғалары