Қабдолла Досбалаұлы Төлегенов 1952 жылы 1 қыркүйекте Талдықорған облысы Ақсу ауданының Ақсу ауылында туған. Қазақ.

Әкесі - Төлегенов Досбала (1903-1996). Анасы - Төлегенова (Бақтымбетова) Жидегүл.

В.И. Ленин атындағы Ташкент мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1975), мамандығы - «Құқықтану».

1975 жылдан - Шымкент облысы Апғабас аудандық прокуратурасында тергеуші.

1978 жылдан - ҚазКСР Прокуратурасының Тергеу басқармасында прокурор.

1983 жылдан - ҚазКСР прокурорының ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшісі.

1985 жылдан - Алматы облысы Қаскелең ауданының прокуроры.

1987 жылдан - Алматы облыстық прокуратурасының Тергеу басқармасында прокурор.

1988 жылдан - Шымкент қаласының Еңбекші аудандық прокурорының аға көмекшісі.

1989 жылдан - Тергеу басқармасының прокуроры, қылмыстық істердің соттарда қарастырылуын қадағалау жөніндегі бөлім бастығы, прокурордың орынбасары - Тергеу басқармасының бастығы, ОҚО прокурорының бірінші орынбасары.

1996 жылдан - БҚО прокурорының бірінші орынбасары; Шымкент қаласы бойынша МТКБ бастығы.

1997 жылдан - ҚР Қауіпсіздік кеңесінің Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.

1998 жылдан - Жамбыл облысының прокуроры.

2001 жылдың қаңтар айынан - Қызылорда облысының прокуроры.

2003 жылдан - Жамбыл облысының прокуроры.

2008 жылдың сәуір айынан бері -Шығыс Қазақстан облысының прокуроры.

3-ші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Экономикалық және саяси тұрғыда тұрақты Қазақстан». Хоббиі - аңшылық пен балық аулау. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи және классикалық әдебиет.

Марапаттары «Құрмет» орденімен (2005);

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтой медалі,

«Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» ҚР ҰҚК медалімен (2005) марапатталған.

ҚР Прокуратурасының Құрметті қызметкері.

ОҚО Бәйдібек ауданының құрметті азаматы.

Отбасы Үйленген. Жүбайы - Төлегенова (Жарасова) Бибігүл Абылқасымқызы, заңгер. Ұлдары - Телегенов Ертеле Қабдоллаұлы (1979 жылы туған), ҚР Салық комитетінің жетекші маманы; Төлегенов Жантөре Қабдоллаұлы (1992 жылы туған), оқушы; қызы - Еркежан (1990 жылы туған), студент.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:1952 жылы туғандар Санат:Қазақстан заңгерлері Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасы прокуратураның құрметті қызметкерлері