Мұрат Абдуламитұлы Әбенов (20 тамыз 1965, Қызылорда облысы) — қазақстандық мемлекеттік және қоғам қайраткері, Қазақстан халық кеңесінің мүшесі, бұрынғы Қазақстан Мәжілісі IV және VIII сайланымдарының депутаты.

Білімі Абай атындағы қазақ педагогикалық институтының математика және информатика факультетінің (1990) "Математика және информатика" пәндерінің мұғалімі мамандығын бітірген.

Қазақ гуманитарлық-заң университетінің құқықтану факультетін (2002) заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Өмірбаяны нобай|солға|Түркітілдес Уикимедиашылар конференциясындағы Әбенов, 2012 жыл Саясатқа дейін Найман тайпасының Балталы руынан шыққан.

1990 жылдан Сәкен Сейфуллин атындағы №4 ОМ информатика және есептеу техникасының мұғалімі.

1991 жылғы маусымнан Қызылорда қалалық білім басқармасының кадрлар және негізгі іс-әрекет бойынша инспекторы.

1991 жылғы қыркүйектен 1 Мамыр атындағы №1 қазақ мектеп-лицейінің оқу-тәрбиелік іс бойынша директордың орынбасары (Қызылорда қаласы).

Қызылорда әкімдігіндегі қызметі 1992 жылдан ол — Қызылорда қалалық әкімшілігінің қоғамдық пікірді болжау және баспасөз бөлімінің бас маманы.

1993 жылдан «Атамекен» ЖШС-де коммерциялық іс-әрекет бойынша директордың орынбасары (Алматы қаласы).

1999 жылдан Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-бақылау бөлімінің кеңес берушісі.

2000 жылдан Қызылорда облысының мемлекеттік қызмет істері бойынша басқарма агенттігінің бастығы.

2002 жылдан Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің директоры.

2005 жылдан Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.

2007 жылғы ақпаннан тамызға дейін Қызылорда облысы әкімі аппаратының жетекшісі.

Мәжілістегі бірінші депутаттығы (2007–2012) 2007 жылғы қыркүйектен бастап 2012 жылға дейін ҚР Парламенті Мәжілісі IV шақырылымының «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінде «Нұр Отан» ХДП фракциясының Азаматтық байланыстар және азаматтық қоғам институттары бойынша кеңесінің мүшесі. Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы. «Қазақтелеком» АҚ Құрмет грамотасымен марапатталған (2004). Жылдың үздік қызметкері (2006).

Депутаттығынан кейін (2012–2022) нобай|солға|Нұрлан Нығматулинның Әбеновті Журналистерге арналған Парламент сыйлығын табыстауы, 22 маусым 2021 жыл 2012 жылғы 12 қарашадан бастап Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым вице-министрі.

2014 жылдан бастап 24.kz телеарнасында «Мұрат Әбеновпен ашық әңгіме» атты авторлық бағдарламасын ашты.

Мәжілістегі екінші депутаттығы (2023–2026) 2023 жылы өткен парламент сайлауы нәтижесінде Аманат партиясы тізімінен Мәжіліс VIII шақырылымының депутаты болып сайланды.

2026 жылғы конституциялық референдум нәтижесінде Қазақстан Парламенті ыдырады да, орнына бірпалаталы Қазақстан Құрылтайы құрылды.

Кейінгі мансабы 2026 жылғы 22 қыркүйекте президент Тоқаев жаңадан құрылған Қазақстан халық кеңесінің құрамын бекітті. Мүшелер қатарында Әбенов те болды.

Жеке өмірі Мұрат Әбенов үйленген. Оның бір ұлы Асқар және бір қызы Гүлнар бар.

Дереккөздер

Сілтемелер Мұрат Әбеновтың жеке уэбсайты ; Мұрат Әбеновтың Twitter парақшасы; Мұрат Әбеновтың Facebook парақшасы; Vk.com әлеуметтік желісіндегі аккаунты; Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунты; Youtube сайтындағы ресми видеоканалы;

Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті түлектері Санат:Қазақ гуманитарлық заң университеті түлектері Санат:Қазақстан заңгерлері Санат:Қазақстан педагогтары Санат:Қазақстан тележүргізушілері Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің VIII шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің IV шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері