«Дәл басу» — ұлттық ойын.

Бұл ойыншының көп-аздығына қарамай жиналғандардың қатысуымен ойнала береді. Балалар жиналып болған соң, бір бала тас не кішкене орындық сыңылды затты тікесінен қойып, осыны дәл басу үшін балалардың көзін кезекпен байлап, 15—20 қадамдай жерге апарып тұрады. Көзін байлаған бала қадамдап келіп, тігулі тұрған нәрсені дәл төбесінен басуы керек. Баса алмаса, айып тартады. Кім дәл басса, сол бала жеңіп шығады.

Ойын көгалда, жазық алаңда, тегіс аулада өткізіледі. Ойын бағдарлай білуге, сезімталдыққа үйретеді. Сағындықов Е. С. / Қазақтың ұлттық ойындары. — Алматы: «Рауан» баспасы, 1991 жыл .—176 бет. ISBN 5-625-01063-3

Тағы қараңыз Қазақтың ұлттық ойындарының тізімі

Дереккөздер

Санат:Қазақтың ұлттық ойындары