Эфемеридтер (грек. ephemerіs – жазуға арналған кітапша, күнделік) – уақыттың тізбекті мезеттер қатарын есептеуге арналған әр түрлі астрон. деректері (көбіне жұлдыздардың, планеталардың, Жердің жасанды серіктерінің, т.б. координаттары) бар жинақ. Эфемеридтер аспан денелері қозғалысының матем. теориясы негізінде есептелетіндіктен, онда қамтылған барлық деректер эфемеридтік уақыт деп аталатын бірқалыпты өтетін уақыт мезеттеріне жатады.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Эфемеридтер · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.