Талдаудың термиялық әдістерін физикалық-химиялық процестердің термодинамикасына негіздей отырып, мына топтарға бөлуге болады: 1. Реакцияның жүруі барысындағы температураны өлшеуге негізделген әдістер (термометрлік титрлеу, калориметрия). 2. Термогравиметрлік (ТГТ), дифференциалды-термогравиметрлік (ДТГТ). дифференциалды-термиялық талдау (ДГТ). 3. Үлгінін температураға тәуелділікте болатын түзу сызықты өлшемін өлшеуге негізделген дилатометрия. 4. ЭҚК және электр өткізгіштіктің температураға тәуелділігін өлшеуге негізделген термоэлектрлік әдістер. 5. Ерітінді кұрамына тәуелділікте болатын еріткіштің қайнау немесе қатаю (мұздану, қиыршықтану, кристалдану) температурасындағы өзгерісті өлшеуге негізделген эбулиоскопия және криоскопия әдістері. 6. Заттарды бөліп алу және ыдырату үшін қайнатып айдау (ректификациялау) және қыздыра ыдырату (пиролиз) әдістері колданылады. Аналитикалык тәжірибеде алғашкы екі топтағы әдістер жиі қолданылады, олар сандық талдауда кездесетіндіктен. Нақтылы қарастырылады. Құлажанов Қ.С.Аналитикалық химия: II томдық оқулық . II - том. Оқулық. Алматы:«ЭВЕРО» баспаханасы, 2005. - 464 б. ISBN 9965-680-95-7
Дереккөздер
Санат:Аналитикалық химия Санат:Химия Санат:Ғылым