Сору арқылы құю — сумен суытылатын қабырғалары жұқа металдан жасалған қорамаларда (кристалдандыр-ғыштарда) құймаларды жасау тәсілі. Бұл тәсілде сұйық қорытпалар қораманы вакууммен copy арқылы толтырады. Қораманың ішкі жұмыс қуысында вакуумм болуы себебінен сұйық қорытпа белгіленген деңгейге дейін көтеріліп, қатайып, қажетті пішінді құйма қалыптастырады. Тәсілдің ерекшелігі, сұйық металл қораманың ішкі жұмыс қуысын баяу толтырады. Сол себепті құйма жоғары сапалы болып қалыптасады. Сонымен қатар қораманың құю жолдарына металл шығыны аз болады. Тәсілдің еңбек өнімі нашар. Сол себепті өндірісте кең қолданылмайды. Бұл тәсілмен диаметрлері 80 мм-ге дейін келетін жауапты төлкелер және соған ұқсас тетіктер жасалады.Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдықтары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.
Дереккөздер
Санат:Металлургия