Терісбұлақ – Торғай алабындағы өзен.
Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданындағы өзен. Ұзындығы 55 км, су жиналатын алабы 595 км2.
Бастауы Алаайғыр тауының солтүстік-батыс беткейіндегі бұлақтардан басталып, Амангелді қыстауынан 10 км төмен Сарыторғай өзеніне құяды.
Гидрологиясы Аңғары жоғары бөлігінде ұсақ шоқылар аралығымен өтеді, беткей биіктігі 30-40 м. Көктемде суы мол, жазда иірімдерге бөлініп қалады. Орташа жылдық су шығыны 1,1м3/сек. Мал суарылады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы өзендері Санат:Торғай су алабы