Әр түрлі сипаттары тұрғысынан дараланатын қат-қабатталу (қабатталу) топтары: 1) қабатшықтардың және олардың жиынтықтарының пішініне қарай - қиғаш, толқын тұрқылас, көлбеу бағытта астасқан (көбінесе), қиғаш толқынды және жайпақ толқынды (сирегірек) қат-қабаттар; 2) созылу ұзындығына байланысты - толассыз созылатын, үзік-үзік созылатын және ұзақ созылмайтын қат-қабаттар; 3) көрініс беру анықтығына қарай - өте анық байқалатын, анық емес (жасырын, көмескі, бұлыңғыр) қат-қабаттар (қабаттар); 4) масштабы жағынан - өте ірі, ірі, ұсақ, майда қат-қабаттар және микро қат-қабаттар; 5) құрылысының күрделілігі жағынан - қарапайым және күрделі қат-қабаттар; 6) қабатшықтар астасуының біркелкілілігі тұрғысынан — біркелкі астасқан, астасу сипаты нақтылы бағытта өзгеретін және ретсіз астасқан қат-қабаттар; 7) қалыптасу механизміне қарай — ағыс әсерінен қалыптасқан, толқын әсерінен қалыптасқан, жүзгін есебінен| қалыптасқан және ұйық есебінен қалыптасқан қат-қабаттар (қабаттар); 8) шөгінді қалыптасуының фациялық сипаты тұрғысынан қат-қабаттылықтың бірнеше типтері дараланады, олар - өзен арнасында, оның жайылмасында, теңіз түбінің ағынды белдемінде, жағажайда, көтерілу-қайту жағалауында т.с.с. қаыптасқан қат-қабат типтері. Қат-қабатталу ылғи да шөгіндінің түзілімдену сатысында жүзеге асады, алайда осылайша қалыптасқан қат-қабаттар сол түзілім душар болған болашақ процестер нәтижесінде бұрынғыдан да айқындала немесе керісінше, көмескілене түсуі ықтимал.Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0
Дереккөздер
Санат:Геология Санат:Мұнай және газ