Көшеге қазақтың батыры, қалмақтармен шайқаста ерлік көрсеткен, ел аузында көріпкел ретінде аты аңызға айналған тұлға, Есет Көкіұлы батырдың ұрпағы Бекет Ата Мырзағұлұлының есімі (Алматы қаласы мәслихатының 24.12.2003 № 26 шешімі мен Алматы қаласы әкімшілігінің 26.12.2003 №5/764 қаулысы) берілді.

Бекет Ата Мырзағұлұлы (1750-1813) Атырау облысының Құлсары ауылында дүниеге келген. Қазір Маңғыстау облысында Бекет ата кешені бар. Көше Әуезов ауданында орналасқан. Ахметов көшесінен басталып, Шаймерденов көшесіне дейінгі аралықта созылып жатыр. Бұрынғы атауы - 10-шы көше. Көшенің ұзындығы - 1050 метр.Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия. – Алматы: “ИП Волошин” баспасы, 2009. ISBN 978-601-7157-18-0 нобай

Дереккөздер

Санат:Алматы көшелері