Көшеге биология ғылымдарының докторы, селекционер ғалым, Қазақ КСР Ғылым акдемиясының корреспондент-мүшесі Кәрім Мыңбайұлы Мыңбаевтың есімі (Алматы қаласы атқару комитетінің 04.11.1956 жылғы шешімі) берілген. Мыңбаев Керім Мыңбайұлы (1906-1948) Қарағанды облысында дүниеге келген. Ол Қазақстан Мемлекеттік жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары, ВАСХНИЛ Президиумының Қазақ бөлімінің төрағасы қызметтерін атқарған.Көше Бостандық ауданында орналасқан. Манас көшесінен басталып, Түркебаев көшесіне дейінгі аралықта созылып жатыр. Әуезов, Айманов, Жароков, Розыбакиев көшелерін қиып өтеді.Бұрынғы атауы - Гвардейский қиылысы. Кешенін ұзындығы - 2600 метр.Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия. – Алматы: “ИП Волошин” баспасы, 2009. ISBN 978-601-7157-18-0 нобай
Дереккөздер
Санат:Алматы көшелері