Қоңқақ. «Өзен жағасында, қолау тайға мінген қоңқақ мұрын, арық бала Байсүгір» (М. Әуезов, Таңд. шығ.). «Бірі — ірі тұлғалы, қарулы, бұйра шашты, қоңқақ мұрын Неперешвили...» («Лениншіл жас», 10. VIII, 1967, № 156). Осы сейлемдердегі «қоңқақ» сөзін, әз тіркесінен бөліп алып қарағанда, мағынасы кім-кімге де өте айқын бола бермейді. Бір таңданарлық нәрсе —бұл сөз мұрыннан басқаны менсінбей, үнемі сонымен тіркескенде ғана мағынасынан түсінік аламыз. Мұның мәнісі мынада. моңғол тілінде «хоншоор» , қалмақтарда «хөңшар» тұлғалары «мұрын, тұмсық» мағыналарын ұғындырады. «Қоңқақ» сөзі көрсетілген тұлғалардан тууы ықтимал. моңғол не қалмақ тілдерінің бірінен қазақтарға өткен сол тұлғалар тек «хон» не «хоң» түбірін сақтап, біз өз тілімізде сөздер тудыратын -қақ жүрнағын қосқан болуымыз керек (қат — қақ, ес — кек т. б.) Бұл топшылауымыздың орынды екендігін «қоңқақ» сөзінің тек «мұрынмен» ғана тіркесуінің өзі де дәлелдейтін тәрізді. Түптеп келгенде, қазақ тіліне көшкенде сын есім мағынасына ие болып, мұрынның үлкендігін аңғартатындығын байқаймыз. Кейде «қоңқаш» болып та айтыла береді.Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6

Дереккөздер