Пайдалы қазба кенорындарын барлау барысында жүргізілетін шаралардың жан-жақтылығын қамтамасыз ету. Мұндай шаралар: 1) барлау әдістері мен құралдарының ұтымды жүйесін таңдап алу; 2)пайдалы қазбалардың бүкіл құрамбөліктерін жан-жақты реттеу, осы қазбаларды игеру барысында қосалқы пайдалы құрамбөліктерді жол-жөнекей пайдалану; 3) барланып жатқан кенорын төңірегіндегі бүкіл минералдық шикізат қорларын іздеу, барлау және зерттеу шараларын жүзеге асыру, бұл шикізаттар кенді игеру барысында тұрғызылатын тау-кен кәсіпорнын соғуға пайдаланылуы тиіс.Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0
Дереккөздер
Санат:Геология Санат:Мұнай және газ