Сағы сыну. Тауы шағылу, беті қайту.
«Соңғы сөз шымбайына батгы ма, әлде қарулы қолдан жасқанды ма, Әделбайдың сағы сына бастады» (Б. Тоғысбаев, Асыл адам.).
Сөз төркіні түркі тілі дерлік те дерек жоқ емес. Хакас тілінде «сағ»— қазақтардағы «күш» мағынасын берсе, оларда «күшім бітті» деген тіркес орнына «саам сыхты» сөз байланыстары қолданылады. Тұлға жағын сәйкестірсек біздегі «сағы сыну» дегенді осыған жағыстыруға да болар еді. Бірақ басқа түркі тілдерінде «күш» мағынасын беретін «сақ» түбіріне ұқсас сез үшыраспады. Сондай-ақ моңғол тілдерінен де кездестірмедік. Бүл бір. Екіншіден, ойға салып қарасақ, «күш сынбайды» тек таусылып, бітуі мүмкін. Келесі топшылауымыз —«сақ» сөзінің төркінін жүйесі басқа тілге жағыстырумен байланысты. Парсы тілінде «сағэ» түлғасындағы сөз біздің тіліміздегі ағаш т. б. сабағы, бүтағы мағынасында қолданылады. Сынуға бейім зат осылар екендігін түсіндіріп жату артық. Бейнелеп, әсерлей айту нәтижесінде «сағы сыну» тұрақты тіркесі парсы тіліндегі «сағэ» сөзі көмегі арқылы пайда болуы мүмкін дегсн жорамалға да жол бердік.Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6
Дереккөздер