Көшеге қазақ жеріндегі асқақ та айбынды тау - Алатаудың атауы (Алматы қаласы мәслихатының 4.04.2001 № 200 шешімі мен Алматы қаласы әкімінің 9.04.2001 № 200 қаулысы) берілген. Алатау - Орталық Азия мемлекеттері мен Ресей Федерациясының Сібірдегі тау жоталарының жалпы атауы. Оларға Күнгей Алатауы, Кузнец Алатауы, Талас Алатауы, Қырғыз Алатауы, Жетісу Алатауы, Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы т.б. жатады. Жетісу және Іле Алатауының халық ұғымындағы жалпы атауы.
Көше Медеу ауданындағы «Думан-1» шағынауданында орналасқан. Ол Қызылжар көшесінен басталып, Ақмешіт көшесіне дейін созылып жатыр. Ақжайық, Бішкек
- көшелерін қиып өтеді. Көшенің ұзындығы - 1500 метр.Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия. – Алматы: “ИП Волошин” баспасы, 2009. ISBN 978-601-7157-18-0
Дереккөздер
Санат:Алматы көшелері