Әубәкір Қалиұлы Сүлеев (1947 жылы 13 қыркүйекте Жамбыл облысы Луговской ауданы Луговое ауылында туған) - продюсер, оператор.
Өмірбаяны Еңбек Қызыл Ту орденді Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының кинооператорлық факультетін бітірген (Мәскеу қаласы, 1977), фильм операторы. 1969 жылдан бері - «Қазақфильм» киностудиясында жоғары санаттағы қоюшы-операторы (қазіргі - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ). 2005 жылдан бері - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, операторлық шеберхананың шебер-жетекшісі, операторлық өнер кафедрасының меңгерушісі.
Еңбектері «Тізбектер» (1977), «Сіздің мүддеңізде» (1981), «Қайтар жол жоқ» (1997), «Бекет ата» (1999), «Шығыс болмаса - Батыс жоқ» (2000-2001) және тағы басқа деректі фильмдердің; «Туған дала» (1981), «Қызыл үй» (1982), «Самға, тырна!»(1985), «Қайрат» (1991) және тағы басқа көркем фильмдердің қоюшы операторы. «Сиқырлы демеуші» көркем фильмінің продюсері және директоры (2001)
Марапаты Мәдениет қайраткері (2002). «Ерен еңбегі үшін» (2005) медалімен марапатталған.
Отбасы Әкесі - Сүлеев Қали Сүлейұлы, марқұм, партия қызметкері болған. Анасы - Ибрашева Елизавета Ибрашқызы, марқұм, мұғалім болып жұмыс істеген. Үйленген. Жұбайы - Сүлеева Шолпан Есенқызы, хореограф. ¥лдары - Рүстем (1970 жылы туған), Әлем (1994 жылы туған); қызы - Әсел (1981 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер