Бейсенғали Тәйкіманов (1904-1988) - журналист.

Семей педагогикалық техникумын бітіргеннен кейін (1931) бүкіл өмірін баспасөз қызметіне арнайды. Семейдің «Қызыл Дала», республикалық «Темір-жолшы», «Лениншіл жол», «Халық мұғалімі», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде істейді. 1943 жылдан Қарағанды облыстық «Советтік Қарағанды» газеті редакторының орынбасары, 1944-1961 жылдарында редакторы. 1961-1964 жылдарында Шығыс Қазақстан облыстық біріккен «Коммунизм туы— Знамя коммунизма» газетінің редакторы.

2 мәрте «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:1904 жылы туғандар Санат:1988 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан журналистері Санат:Семей педагогикалық техникумы түлектері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері