Бекбосын Сиқымбаев (1870-1959) - шахтер, Қарағанды құрылысының алғашқы екпінділерінің бірі, КСРО-ның кұрметті шахтері (1947).

Өмірбаяны Қарағанды шахталарында 1886 жылдан шанашы, ат айдаушы болып істеді. Қарағанды көмір кеніндегі шахтерлер ереуілін ұйымдастырышулардың бірі (1903). 1916 ж. патша самодержавасына қарсы Ұлт-азаттық қозғалысқа қатысушы. 1917-1931 ж. Екібастұздың көмір шахталарында жұмыс істеді. 1931-1934 ж. Қарағандының № 12 шахтасында қайлашы. 1934-1939 ж. № 31 шахтада тіреуші. Ұлы Отан соғысы басталғанда өз еркімен шахтаға оралды. 1941-1948 ж. тіреуші. 1949-1959 ж. № 31 динамит қоймасында күзетші.

Марапаттары 2 мәрте Ленин орденімен марапатталған.

Есте қалдыру І. Манкиннің «Бекбосын » атты поэмасы Сиқымбаевтың еңбек және революция қызметіне арналған. Сиқымбаев құрметіне Қарағандыда көше аталады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:1870 жылы туғандар Санат:1959 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан кеншілері Санат:КСРО құрметті шахтерлері Санат:Ұлт-азаттық қозғалыстар қатысушылары Санат:Ленин орденінің иегерлері