thumb|right|250px|Философияның ежелгі тұлғалары: Аристотель және оның ұстазы Платон
Философия (кейде "Пәлсапа", , philosophia, мағынасы: Даналықты сүюhttps://www.etymonline.com/search?q=philosophy, Online Etymology DictionaryThe definition of philosophy is: "1. orig., love of, or the search for, wisdom or knowledge 2. theory or logical analysis of the principles underlying conduct, thought, knowledge, and the nature of the universe". Webster's New World Dictionary (Second College ed.).) — жалпы және фундаменталды сауалдардың жауабын табуға бағыталған ғылым саласы. Философия болмыс, метафизика, білім, құндылық, ақыл, сана, зерде және тіл секілді өзекті мәселелерді зерттеуге бағытталады. Мұндай сауалдар көбінесе зерттеуді, шешіуді қажет ететін мәселелер ретінде ортаға қойылады.
«Философия» сөзі ежелгі грек философтарынан алынған. Антикалық дәуірдің атақты филологы және тарихшысы Герман Дильс бұл тұжырымдаманың ең ерте қолданысы бізге жеткен мәтіндерде тарихшылар Геродот пен Фукидидтің σοφός («дана») және σοφιστής («данагөй») зат есімдерімен байланыста кездесетінін көрсетеді.Diels, H. (2010) Griechische Philosophie: Vorlesungsmitschrift aus dem Wintersemester 1897/98. Stuttgart. Тек Сократта ғана бұл сөз қазіргіге жақын мағынада ерекше тұжырымдамаға айналады.
Философтар философиялық білімге жету үшін көптеген әдістерді қолданады. Олардың қатарына ұғымдарды талдау, жалпыға ортақ түсініктер мен интуицияға сүйену, ойша тәжірибелер жүргізу, күнделікті тілді талдау, тәжірибені сипаттау және сыни сұрақ қою кіреді. Философия көптеген басқа салалармен, соның ішінде ғылым, математика, бизнес, құқық және журналистикамен байланысты. Ол пәнаралық перспективаны қамтамасыз етеді және осы салалардың ауқымы мен іргелі тұжырымдамаларын зерттейді. Ол сондай-ақ олардың әдістері мен этикалық салдарын зерттейді.Quinton, Anthony, The ethics of philosophical practice, p. 666, Philosophy is rationally critical thinking, of a more or less systematic kind about the general nature of the world (metaphysics or theory of existence), the justification of belief (epistemology or theory of knowledge), and the conduct of life (ethics or theory of value). Each of the three elements in this list has a non-philosophical counterpart, from which it is distinguished by its explicitly rational and critical way of proceeding and by its systematic nature. Everyone has some general conception of the nature of the world in which they live and of their place in it. Metaphysics replaces the unargued assumptions embodied in such a conception with a rational and organized body of beliefs about the world as a whole. Everyone has occasion to doubt and question beliefs, their own or those of others, with more or less success and without any theory of what they are doing. Epistemology seeks by argument to make explicit the rules of correct belief formation. Everyone governs their conduct by directing it to desired or valued ends. Ethics, or moral philosophy, in its most inclusive sense, seeks to articulate, in rationally systematic form, the rules or principles involved. in Honderich 1995.Quinton, Anthony. 1995. "The Ethics of Philosophical Practice." P. 666 in The Oxford Companion to Philosophy, edited by T. Honderich. New York: Oxford University Press. ISBN 978-0-19-866132-0. "Philosophy is rationally critical thinking, of a more or less systematic kind about the general nature of the world (metaphysics or theory of existence), the justification of belief (epistemology or theory of knowledge), and the conduct of life (ethics or theory of value). Each of the three elements in this list has a non-philosophical counterpart, from which it is distinguished by its explicitly rational and critical way of proceeding and by its systematic nature. Everyone has some general conception of the nature of the world in which they live and of their place in it. Metaphysics replaces the unargued assumptions embodied in such a conception with a rational and organized body of beliefs about the world as a whole. Everyone has occasion to doubt and question beliefs, their own or those of others, with more or less success and without any theory of what they are doing. Epistemology seeks by argument to make explicit the rules of correct belief formation. Everyone governs their conduct by directing it to desired or valued ends. Ethics, or moral philosophy, in its most inclusive sense, seeks to articulate, in rationally systematic form, the rules or principles involved." (p. 666).
Классикалық философия сұрақтарына жататындар: "Әлденені білу мүмкін бе?", ал егер мүмкін болса, онда "мұны дәлелдей аламыз ба?" Философтар сондай-ақ аса практикалық және нақты сұрақтарды да қоя береді: "Өмір сүрудің ең жақсы жолы бар ма?", "әділеттілік жазаланбайтын әділетсіздіктен жақсы ма?",Plato. 2009 [360 BC]. The Republic , translated by B. Jowett, transcripted by D. C. Stevenson. The Internet Classics Archive, MIT. Retrieved 8 May 2020. "Адамда еркін ерік бар ма?"Timpe, Kevin. "Free Will". Internet Encyclopedia of Philosophy. . Retrieved 8 May 2020.
Философияны кейде белгілі бір зерттеу нысаны бар ғылым ретінде тар мағынада анықтағанмен, мұндай көзқарас қазіргі философтардың қарсылығына кезігеді. Олар философияны барлық болмысты тануға арналған жалпы сыни тәсіл ретінде қарастырады, оны кез келген объектіге немесе концепцияға қолдануға болады деп есептейді.Robert Audi. Philosophy // Donald M. Borchert Encyclopedia of Philosophy. — Thomson & Gale, 2006. — Т. 7.ISBN 0-02-865787-X Осы мағынада әрбір адам кейде болса да философиямен айналысады, яғни ой толғайды.
Тарихта философия барлық білім жүйелерін қамтыды."The English word "philosophy" is first attested to c. 1300, meaning "knowledge, body of knowledge." Douglas Harper. 2020. "philosophy (n.)." Online Etymology Dictionary. Retrieved 8 May 2020. Ежелгі грек философы Аристотельден бастап ХІХғ-ға дейін "табиғат философиясы" астрономияны, медицинаны және физиканы қамтыды. Мысалы, Исаак Ньютонның 1687 жылғы "Табиғат философиясының математикалық қағидалары" атты кітабы кейін физика кітабы ретінде жіктелді.
ХІХғ-дан бастап заманауи зерттеу университеттерінің дамуы академиялық философияның және басқа пәндердің кәсібиленуіне және арнаулылануына әкелді. Қазіргі заманда, философияның дәстүрлі бөлігі болған кейбір зерттеулер философиядан бөлініп, жеке академиялық пәнге айналды, олардың ішінде психология, әлеуметтану, лингвистика және экономика қатарлы негізгі пәндер бар. Өнермен, ғылыммен, саясатпен немесе өзге талпыныстармен тығыз байланысты басқа зерттеу салалары әлі де философияның тармақтары болып отыр. Мысалы, "сұлулық объективті ме, әлде субъективті ме?", "Ғылыми әдістердің түрі көп пе, әлде тек біреу ғана ма?", "Саяси утопия - ол үміткер арман ба, әлде үмітсіз құрқиял ма?"Murray, Dale. "Robert Nozick: Political Philosophy". Internet Encyclopedia of Philosophy. . Retrieved 8 May 2020.Richardson, Henry S. "The Basic Structure of Society." Section 2a in "John Rawls (1921—2002)." Internet Encyclopedia of Philosophy. . Retrieved 8 May 2020. қатарлылар.
Академиялық философияның басты тармақтары: 1) Метафизика, ол болу (existence) мен шындықтың (reality) негізгі табиғатын қарастырады; 2) Эпистемология, ол білім мен сенімнің табиғатын зерттейді; 3) Этика, ол моральдық құндылықтарды қарастырады; 4) Логика, ол аргументтерді, шын алғышарттан дұрыс қорытынды шығаруға мүмкіндік беретін тұжырым ережелерін зерттейді. Бұлардан басқа тармақтары: ғылым философиясы, саяси философия, эстетика, тіл философиясы және сана философиясы қатарлылар.
Кіріспе Философияның дәстүрлі аясы мен мағынасы Философияның нақты анықтамасының өзі ашық философиялық мәселе. Бұл философияда зерттеу нысанының нақты анықталмағанымен байланысты — философия мәселе ретінде қарастырыла алатынның бәрін, оның ішінде таным әдіснамасын да (эпистемология шеңберінде) қарастырады. Философия тарихында қалыптасқан әртүрлі философиялық мектептердің ілімдеріне сәйкес, философияның не екенін әртүрлі анықтауға болады. Сондықтан белгілі бір мағынада философияның анықтамасы дәуірге байланысты өзгереді.The Oxford companion to philosophy / Ted Honderich. — New Edition. — Oxford University Press, 2005. — 1060 с. — ISBN 0–19–926479–1.
Екінші жағынан, философияның маңызды біріктіруші түп-негізі бар — философиялық пайымдаулардың қандай тосын алғышарттарға негізделгеніне қарамастан, олар ақылға қонымды түрде құрылады: ойластырылған және ойлау түп-негіздеріне, мысалы, логикаға сәйкес жасалады. Пайымдаудың рационалдығы философиялық ойлауды мифологиялық ойлаудан және үстем табиғат пен иррационалдыққа негізделген дінге қатысты ойлаудан ерекшелендіреді.Рассел Б. Батыс философиясының тарихы = The History of Western Philosophy. — Москва: Миф, 1993. — Т. I. — 512 с. — 10 000 экз. — ISBN 5-87214-012-6
Бұл, дегенмен, философияның дінмен қатар өмір сүруін жоққа шығарады дегенді білдірмейді. Керісінше, дінді философиялық жүйенің алғышарты ретінде қабылдау жағдайлары кең таралған, ал одан әрі осы діннің канонымен қамтылмаған білім салаларын дамыту үшін рационалды философиялық әдіс қолданылған.Brooke Noel Moore, Kenneth Bruder.Philosophy : the power of ideas — 6th edition. — Mc Graw Hill, 2005. — 600 с. — ISBN 0-07-287603-4 Мысалы, ежелгі үнді философиясы Ведаларды түсіндірсе, Еуропаның ортағасырлық философтары (Әулие Августин, Фома Аквиндік және басқалар) Інжілді түсіндірді. Сондай-ақ, философиялық ойлау белгілі бір діннің әділеттілігін дәлелдеуге немесе жалпы мағынада Құдайдың бар екенін дәлелдеуге әрекет ету үшін қолданылған жағдайлар да кең таралған. Мысалы, апологеттер христиандықты ақылмен дәлелдеуге тырысқан.
Логикадан бөлек, философиялық ойлаудың тағы бір әдісі философияның тұтастығын қамтамасыз етеді. Философиядағы әрбір жаңа ағым, жаңа идея немесе жаңа философиялық мектеп өзінен бұрынғы философиялық түп-негіздерімен байланысын орнатады және соларды өзінің жаңа парадигмасы шеңберінде сыни талдаудан өткізеді.Rodolphe Gasché. The Honor of Thinking: Critique, Theory, Philosophy. — 1st edition. — Stanford University Press, 2006. — 424 с. — ISBN 0804754233. Мысалы, Иммануил Канттың атақты еңбегі «Таза пайымға сын» рационализм мен эмпиризм ұғымдарына сыни талдау жасайды. Осылайша, логика мен сыни талдау философиялық ойлаудың негізі болып табылады және философияның тұтастығын қамтамасыз етеді.
Сонымен бірге, философияның анықтамасының анық еместігі оның ерекше сипаты болып табылады және оны ғылымдардан ерекшелейді. Егер философтар белгілі бір салада танымның тиімді әдістемесін анықтап, оны философияны тартпай-ақ қолдануға мүмкіндік алса, бұл сала әдетте философиядан дербес пәнге айналады. Осылайша, ғылыми таным әдісінің әртүрлі табиғи нысандарға сәтті қолданылуы табиғат философияның бір бөлігін философиядан біржола бөліп шығарды, бұл кейіннен табиғи ғылымдардың бірқатарын қалыптастырды.Edward Craig - Philosophy: A Very Short Introduction Oxford University Press, 2020 Мысалы, Исаак Ньютон өзінің «Табиғи философияның математикалық бастамалары» атты іргелі жұмысын философ ретінде жазғанына сенімді болса да, қазіргі кезде ол физик және математик ретінде танымал. Барлық ағылшынтілді ғылымдар философиямен туыстығының іздерін әлі күнге дейін сақтап келеді, мысалы, барлық ғылыми пәндерде ең жоғары ғылыми дәреженің «философия докторы» (ағыл. Ph.D.) деп аталатындығында.
Алғашында "философия" термині кез-келген білімнің жиынтығына қатысты болды. Бұл тұрғыда философия дін, математика, жаратылыстану, білім және саясат қатарлылармен тығыз байланысты болды. Ньютонның "Табиғат философиясының математикалық қағидалары" (1687) кітабы ХХІғ-да физика кітабы ретінде жіктелсе, кезінде философиялық кітап ретінде танылып, мұндағы "табиғат философиясы" (кейде натурфилософия) термині сол замандағы астрономия, медицина және физика секілді пәндерді қамтыды.