Тасарал — Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы ауыл, Тасарал ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 237 км-дей, Балқаш қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 93 км-дей жерде, Балқаш көлінің солтүстік-батыс жақ жағалауында орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен417 416 359 86,3 224 188 83,9 192 171 89,1

Тарихы Іргесі 1928 жылы артель болып қаланған. 1930 жылдары ірілендіріліп «Қызыл қазақ » балық аулау ұжымшары ұйымдастырылған, 1960 жылы «Октябрьдің 50 жылдығы» деп аталды. 1942 жылы тұз өндіру артелі құрылған. 1960-1990 жылдары « 0ктябрьдің 50 жылдығы» ұжымшарының және ауылдық кеңестің орталығы, 1997 жылы Ағыбай батыр атындағы балық аулау өндірістік кооперативі болды, бүгіңде «Ағыбай батыр» фирмасы.

Шаруашылығы Жерінің жалпы ауданы 32,0 мың га. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыттары — балық аулау, қосымша саласы түйе, жылқы өсіру болды. Округ негізінде 6 шаруа қожалығы құрылған.

Инфрақұрылымы Мектеп, ФАП, клуб, кітапхана, басқа да мәдени-тұрмыстық мекемелер бар. Ауыл басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Сарышаған темір жолы станциясы 50 км жерде.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) елді мекендері