Мыйбұлақ — Ұлытау облысы Ұлытау ауданындағы ауыл, Мыйбұлақ ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығынан - Ұлытаудан оңтүстік-шығысқа қарай 211 км-дей жерде. Округ аумағында Құрақтыкөл, Аққеңсе, Алақай, Баймырза, Тезекбай елді мекендері бар. Жерінің жалпы ауданы —205,1 мың га. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыттары — мал шаруашылығы болады.

Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 631 адам (316 ер адам және 315 әйел адам) болса, 2009 жылы 698 адамды (391 ер адам және 307 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 349 адамды (185 ер адам және 164 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Инфрақұрылымы Округте мектеп, кітапхана, клуб үйі, дәрігерлік амбулатория, мәдени қызмет көрсету орталықтары бар. Ең жақын Жезқазған-Қызылорда тас жолы 40 км жерде. Басқа елді мекендермен автокөлік жолдары арқылы байланысады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Ұлытау ауданы елді мекендері