Тоқырау, Тоқырауын – Солтүстік Балқаш алабындағы өзен.

Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 298 км. Су жинау алабы 21100 км2.

Бастауы Қарашоқы тауынан солтүстікте 10 км жерден басталып, Балқаш көліне 28 км жетпей жерге сіңеді. Ірі салалары - Жалаңаш, Қараменде, Қосабай, Қаратал, Жіңішке.

Гидрологиясы Аңғары кей жерінде (жоғарғы ағысында) 10 км, тар жерінде 75 м. Жайылмасының ені 1,0-1,2 км. Арнасы тар, кей жерінде 50 м. Жауын-шашын суынан толысады. Жылдық орташа су шығыны Ақтоғай ауылы тұсында секундына 2,55 м3. Суы - тұщы. Суын Балқаш көлі, Саяқ кеніші, Ақтоғай, Үшарал, Сарытерек, Шылым, Жанарқалық елді мекеңдері тұрғындары ауыз суға, мал, жер суаруға пайдаланады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) өзендері Санат:Балқаш су алабы