Людмила Григорьевна Шумилова (2 тамыз 1969, Алматы облысы) - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.

Мемлекеттік дене шынықтыру институтын бітірген. Спортшы-нұсқаушы. КСРО, ТМД кубоктары және чемпионаттарының бірнеше мәрте жеңімпазы және жүлдегері (1984-1993); Су астында бағдарлау бойынша әлем чемпионы; Еуропа чемпионы (1991); Қазіргі бессайыс ойындары бойынша Азия чемпионы (2002); Азияның 3 мәрте чемпионы. ҚР 25 рекордын қойған. Су астында бағдарлау және қазіргі бессайыс ойындарынан Еңбек сіңірген спорт шебері. ҚР Шекара әскерінің үздігі (1998). ≪Құрмет≫ (1999), ≪Парасат≫ (2010) орденімен марапатталған. Тұрмыста. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Алфавит бойынша бессайысшылар Санат:Бессайыстан Азия чемпиондары Санат:Қазақстан бессайысшылары Санат:КСРО бессайысшылары Санат:Бессайыстан әлем чемпиондары