Әли Тойжігітов (1954 жылы туған), тележурналист. ҚарМУ-ді бітірген (1976). Облыстық мәдениет басқармасында, облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде жұмыс істеген. 1978 жылдан облысы телерадикомитетте облыстық радионың редакторы, облыстық телевизияның аға, бас редакторы. 1988 жылы Бүкілодақтық телевизиялық «Жігер» фестивалінің лауреаты, 2005 жылы «Ауылым — алтын бесігім» хабары үшін республикалық теле байқаудын жеңімпазы, басқа да байқаулардың жүлдегері. ҚР Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:1954 жылы туғандар Санат:Қазақстан журналистері Санат:Мәдениет тұлғалары