Манақа – Нұра алабындағы.
Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы жерімен ағады.
Бастауы Қарағаш тауының батыс беткейіндегі бұлақтар суының қосынуынан түзіледі, Қайрақты ауылы тұсында Шерубайнұра өзеніне құяды.
Гидрологиясы Ұзындығы 48 км. Оң жағынан Бесбалдақ өзені (ұзындығы 35 км) құяды. Жоғарғы ағысында жағасы биік, төменірек жайдақтау. Көктемгі еріген қар және жер асты суымен толысады. Сәуірде тасиды, шілдеде төменгі деңгей орнайды. Суы тұщы, ауыз суға, мал суаруға пайдаланылады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы өзендері Санат:Нұра су алабы