Виталий Алексеевич Гришко (1946 жылы 13 ақпанда РКФСР Приморск өлкесі Уссурийск қаласында туған) — кеңес және қазақстандық актер.
Өмірбаяны Ленинград Мемлекеттік театр, музыка және кинематография институтының актерлік факультетін бітірген (1968), театр және кино актері.
1972 жылдан бері - М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры актері.
Рөлдері мен режиссерлік жұмыстары «Василиса Прекрасная» (Змей Горыныч), «Дядя Ваня» (Серебряков), «Иванов» (Шабельский), «Конек-Горбунок» (2-боярин), «Сети дьявола» (Вельс), «Уроки французского» (Жозеф), «Как важно быть серьезным» (Чезюбл), «Я не Раппопорт» (Нат), «Вишневый сад» (Гаев) спектакльдерінде рөлдер орындайды. «Қазақфильм» киностудиясының «Ұлымның оралуы», «Даладағы қуғын» кинофильмдеріне түскен.
Режиссерлік-қойылымдық жұмыстары: «Эти свободные бабочки», «Мещанская свадьба», т.б.
Марапаттары Мәдениет министрлігінің белгісімен марапатталған (2004). Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі.
Отбасы Үйленген. Жұбайы - Полишкис Валентина Николаевна (1938 жылы туған), актриса. Қызы - Виктория (1970 жылы туған).Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:13 ақпанда туғандар Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері