Әсемқан Серіханұлы Досқожанов 1962 жылы 21 мамырда Семей қаласында туған. Қазақ.Әкесі - Досқожанов Серіхан Мерекенұлы. Анасы - Досқожанова Жәкен Әкімжанқызы.Семей педагогикалық институтын (1983), дене тәрбиесі мұғалімі; Алматы хабарлама жолдары университетін (2004) бітірген, инженер. Қазақ және орыс тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2000 жылдан бері). 1981 жылдан - Семей қаласы Жастар спорт мектебінде жаттықтырушы-мұғалім. 1989 жылдан - «Азия» фирмасының директоры (Семей қ.). 1998-1999 жылдары - «Майкөбе» АҚ президенті (Семей қ.). 2000 жылдан - «Азия» СКФ бас директоры (Семей қ.). 2007 жылдан - «Сем Аз» ЖШС бас директоры (Семей қ.).ШҚО мәслихатының депутаты (2007). ҚР Күрес федерациясының тұңғыш вице-президенті. Бүкіләлемдік әуесқой күрес федерациясының Алтын орденімен марапатталған (FILA). ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан әлемнің озық 50 елі қатарына енеді». Хоббиі - волейбол. Сүйіп оқитын әдебиеті - өлең оқу. Үйленген. Жұбайы - Досқожанова Сәуле Жұмашқызы (1964 жылы туған). Ұлдары - Еркін (1983 жылы туған), Дәулет (1990 жылы туған).

Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті түлектері