Иван Иванович Гаранин 1945 жылы 9 мамырда Қостанай облысы Қостанай ауданы Соколовка ауылында туған. Орыс. Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтының педагогикалық факультетін бітірген (1972), дене шынықтыру пәнінің оқытушысы. КОКП мүшесі (1976-1990). 1968 жылдан - шаңғы жарысынан КСРО ұлттық құрама командасының мүшесі. 1978 жылдан - облыстық ОРБЖМ шаңғы жарысынан жаттықтырушы-оқытушысы. 1987 жылдан бері - жеке кәсіпкер. Халықаралық жоғарғы марафондардың 10 мәрте жеңімпазы: 90 шақырымдық Король жарысы (Швеция, 1997), 90 шақырымдық Кениг-Людвиг Лауфа (Германия, 1997), 70 шақырымдық Маргелонга (Италия, 1998), 52 шақырымдық Пинцка Лауф (Австрия, 1998) жарыстары; 54 шақырымдық халықаралық марафонның 2 мәрте жеңімпазы (Мурманск, 1996, 1997); 70 шақырымдық халықаралық марафонның 4 мәрте жеңімпазы (Кандалакша, 1992-1996); Әлем чемпионатының 4 те 10 шақырымдық эстафетасының күміс жүлдегері (Мюнхен, 1974); XV Қысқы олимпиадалық ойындардың 30 шақырымдық жарысы мен 4 те 10 шақырымдық эстафетасының қола жүлдегері (Инсбрук, 1976); ардагерлер арасында әлем чемпионы (Васа-Лопет, 2000). Шаңғы жарысынан халықаралық кластағы спорт шебері. Еңбек сіңірген спорт шебері (1976). «Құрмет белгісі» (1976), «Парасат» (2000) ордендерімен марапатталған.
Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Алфавит бойынша шаңғышылар Санат:КСРО шаңғышылары Санат:1976 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері