Әнуарбек Ғалымжанұлы Аманқұлов 1979 жылы 12 мамырда Гурьев қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Аманқұлов Ғалымжан Рахметұлы. Анасы - Аманқұлова Зәрипа Апдашқызы. X. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің жаратылыстану факультетін бітірген (2000), дене тәрбиесі сабағының мүғалімі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2006 жылдан бері). 1997-2006 жылдары - ШҰКД және ОР жанындағы таэквондодан ҚР Ұлттық құрамасының құрамында болған. 2000-2006 жылдары - №1 ОРМСМ (Атырау қ.) таэквондо бөлімшесінің спортшы-нұсқаушысы болған. 2007 жылдан бері - №1 ОРМСМ жанындағы таэквондо бөлімшесінің жаттықтырушысы, «ҚР Таэквондо федерациясы» АҚҰ Атырау облыстық бөлімшесінің спортшы-нүсқаушысы. ҚР 10 мәрте чемпионы; ҚР Кубогының 9 мәрте жеңімпазы; Азия ойындарының қола жүлдегері (Таиланд, 1999); ҚР Спартакиадасы мен Универсиадасының жеңімпазы; Халықаралық жарыстар жүлдегері (Румыния; Германия); Шығысазиялық ойындардың күміс жүлдегері (Сауд Арабиясы). Әлем чемпионаттары мен кубоктарының қатысушысы. Халықаралық кластағы спорт шебері (1999). Таэквондодан қара белбеу, 2 дан иегері. Туризм және спорт министрлігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Атырау облыстық әкімшілігінің грамоталарымен марапатталған.

Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Алфавит бойынша тхэквондошылар Санат:Қазақстан тхэквондошылары