Олег Николаевич Щербаков (1925-1945), Кеңес Одағының батыры (1945). 1941 жылында Балқаш қаласында Максим Горький атындағы мектептің 9-сыныбында оқыды, жазғы демалыс кезінде Балқаш мыс зауытынын байыту цехында слесарь болып істеді. 10-сыныпта оқып жүргенде армия қатарына шақырылып, Ташкент қаласындағы Танк мектебін үздік бітірді. Ленинград қаласындағы №152 танк бригадасымен Карель мойнағында алғаш соғысқа араласады. Эстонияны азат ету жорығында кіші лейтенант Щербаков жаудың «Фердинанд» типгі өздігінен жүретін зенбірегін, 2 бронефанспортерін, түрлі қапибрлі 8 зенбірегін, жүк тиелген 2 көлікті суға батырды, жау солдаттары мен офицерлерінің талайын (150) оққа ұшырды және бір өзі 50 солдат пен офицерді тұткынға алады. 1945 жылында наурыз айында Германия жерінде қаза тапты. Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5 Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:Қарағанды облысы Санат:Кеңес Одағының батырлары