Владислав Витальевич Поляков (30.11.1983, Петропавл қаласында туған) - Суға жүзуден халықаралық санаттағы спорт шебері.

Спорттағы жетістіктері 200 м қашықтаққа брасс әдісімен жүзуден Әлем кубогының қола жүлдегері (Нью-Йорк, 2004); 100 және 200 м қашықтықтарында ұзақ суда брасс әдісімен жүзуден АҚШ чемпионатының жеңімпазы (2004); 100 және 200 м қашықтықтарында қысқа суда брасс әдісімен жүзуден Әлем чемпионатының қола жүлдегері (Индианаполис, 2004), 100 және 200 м қашықтықтарында брасс әдісімен жүзуден АҚШ чемпионатының (2005), 200 м қашықтыққа брасс әдісімен жүзуден АҚШ студенттік чемпионатының (2005) жеңімпазы; 100 және 200 м қашықтықтарында брасс әдісімен жүзуден Олимпиада ойындарына қатысып, 5-орын алған (Афина, 2004); 200 м қашықтықтақта браспен жүзуден ашық Америкалық ойындардың чемпионы (2004,2005); Бүкіләлемдік Универсиада ойындарының күміс жүлдегері (2005).

Қоғамдық жұмысы «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2004 жылдан). «Динамо» спорт қоғамының мүшесі (2003 жылдан).

Отбасы Әкесі - Поляков Виталий Алексеөвич, кәсіпкер. Анасы - Полякова Ғалия Рифкатқызы, кәсіпкер. Бойдақ.Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Қазақстан жүзушілері Санат:Жүзуден әлем біріншілігінің қола жүлдегерлері Санат:Жүзуден АҚШ чемпиондары Санат:Бүкіләлемдік Универсиада ойындарының күміс жүлдегерлері Санат:Аманат партиясының мүшелері Санат:2004 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының жүзушілері Санат:2008 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының жүзушілері Санат:2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының жүзушілері Санат:Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері