Несіпбаев Айқынбек Ескермесұлы (1951 ж. т.), журналист. Нұраның түлегі. КарМУ-ді бітірген (1972), Торғай, Целиноград (қазіргі Ақмола), Қарағанды облыстық газеттерінің тілшісі, бөлім меңгерушісі болып істеді. 1979-1985 ж. респ. «Лениншіл жас» газетінің Қарағанды, Жезказған облысы бойынша тілшісі. 1996-97 ж. Қарағанды облыстық «Орталы Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары. 1997 жылдан респ. «Егемен Қазақстан» газетінің облыстағы меншікті тілшісі. Очерктері «Жылжыған жылдар» (2004) кітабында, ұжымдық жинақтарда жарияланган. ҚР мерекелік медальдарымен марапатталған.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:КСРО журналистері Санат:Қазақстан журналистері Санат:1951 жылы туғандар