Шиөзек – Сарысу алабындағы өзен.
Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы жерімен ағады.
Бастауы Айғыржал (Омарбек) тауының батыс бөлігіндегі бұлақтардан басталып, Сүртісу (Кеңсаз) өзеніне құяды.
Гидрологиясы Ұзындығы - 67 км, су жиналатын алабы 711 км2. Төбелер аралығымен аңғар жасап ағады. Қар суымен толысады. Кішігірім 10 шақты саласы бар. Жылдық орташа су шығыны 0,20 м3/сек. Алабы — жайылым.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Жаңаарқа ауданы өзендері Санат:Сарысу су алабы