Қарақұдық — Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы – Ботақара кентінің оңтүстік-батысында - 55 км, Қарағанды қаласының оңтүстік-шығысында 30 км жерде, Соқыр өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан.

Тарихы Іргесі 1930 жылдары 5 артельден қосылып, Молотов ұжымшары болған. 1936 жылы Молотов ұжымшары Амангелді ұжымшары болып өзгертілген. Ұжымшарларды ірілендіру кезінде 1960 жылы Амангелді ұжымшары «Победа» кеңшарының бөлімшесі болып калды. 1977 жылы «Победа» кеңшарынан бөлініп, үш кеңшардың жері біріктіріліп, Кузнецкіден Аққұдық, Энгельстен Жалғызқұдық елді мекендері алынып, орталығы Қарақұдық болып, Көктал кеңшары құрылды және ауылдық кеңестің орталығы орналасты. 1991 жылы Көктал кеңшары «Көктал» акционерлік қоғамы болды. Шаруашылықтың негізгі бағығы - сүт өндіру, қосымша саласы — егін шаруашылығы және ет өндіру болды. Жерінің жалпы аумағы 51,5 мың га. Окруттің елді мекендері: Қарақұдық, Қымызқұдық, Аққұдық, Жалғызқұдық және Новостройка ауылдары. 58 шаруа қожалығы жұмыс істейді (2006).

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1080 861 666 77,4 435 350 80,5 426 316 74,2

Инфрақұрылымы Ауылдық округ бойынша 1 мектеп, фельдшер-акушерлік пункт, клуб, кітапхана, пошта және АТС қызметі бар. Ауыл басқа елді мекендермен және облыс орталығымен Қарағанды - Тоғызқұдық - Ботақара авто жолымен байланысады. Қарағанды темір жол стансасы 45 км жерде.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Бұқар жырау ауданы елді мекендері