Ольга Павловна Актаева - 1952 жылы 25 қазанда Алматы қаласында туған. Орыс.

Өмірбаяны С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін (1976) «Орыс филологиясы» мамандығы бойынша; М.Ю. Лермонтов атындағы Мемлекеттік орыс академиялық драма театры жанындағы актерлік студияны (1978) театр және кино актері мамандығы бойынша бітірген. «Сауда психологиясы» көмекші оқу құралының (1986); «Жарнама» журналындағы жарнама және сауда психологиясы туралы мақалалардың (1985-1986), «Vogue», «Космополитен», «Рандеву», «Я - путешественник», «Акватория роскошной жизни», «Евразия», «Деловая женщина» журналдарындағы шетелдік саяхаттар туралы мақалалардың авторы.

1975-1976 жылдары - Алматы Округтық офицерлер үйінің көркем өнерпаздық жөніндегі нұсқаушысы.

1979-1980 жылдары - Қазақ ауылшаруашылық институтының орыс тілі кафедрасында әдістемелік кабинет меңгерушісі, орыс тілінің мұғалімі.

1981 жылдан - «Контакт» жастар театры пьесаларының авторы және режиссері.

1983 жылдан - Қазақстан сауда жарнамасы жөніндегі агенттігінің психологы («Одақсаудажарнама» ББ).

1988 жылдан - «РЕККО» («Жарнама және коммерция») жарнама кооперативінің құрылтайшысы.

1990 жылдан - «РЕККО» АҚ (Қазақстандағы алғашқы жеке туристік компаниялардың бірі, халықаралық круиздерді ұйымдастыру) құрылтайшысы.

1992 жылдан - «РЕККО-ПРИМЭКСПРЕСС» ЖШС (Халықаралық дегдар туризм) құрылтайшысы және директоры. 2006 жылдан бері - «ТА НАП» ЖШС («ПРИМЭКСПРЕСС» халықаралық туристік агенттігінің) және Ольга Ақтаеваның продюсерлік орталығының (телевизиялық авторлық жобалар) құрылтайшысы және директоры, «СТВ» ТА («Рахат») продюсері. Отбасы Әкесі - Круглыхин Павел Александрович, марқұм, геологболған, геологиялық партия бастығы қызметін атқарған. Анасы - Круглыхина Галина Кузьминична, зейнеткер, химик-биолог, ҚазКСР ҒА Химия институтында, ҚазКСР Геология министрлігі Волков экспедициясының зертханасында жұмыс істеген, өмір бойы фармакологиямен айналысқан, оның әдістері Шымкент химфарм зауытында ендірілген.

Ажырасқан. Ұлы - Ақтаев Тимур Талғатұлы (1980 ж. т.).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер