right|200px|thumb|Автомобиль шинасы thumb|right|200px|

Шина — жолдың кедір-бұдырлық әсерін жұмсартып өзіне сіңіретін доңғалақтың тоғынына орнатылған серпінді қаптама.Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006. Шина түрлері Автомобиль шинасы — автомобильдің доңғалағына орнатылған ауа үрленген серпінді қаптама. Аркалы шина — иін түріндегі пішіндерден тұратын биіктігінің еніне қатынасы 0,4-0,5 болатын жертұтқысы биік камерасыз шина. Камерасыз шина — ішкі қабаты ауа өткізбейтін резеңкеден жасалған және ауасы бар қуыс түріндегі арнаулы тоғыны бар шина. Жоғары қысымды шина — ауаның ішкі қысымы 0,6-0,7мПа-ға дейін және жоғары болатын пневматикалық шина. Жарыстық велосипедтің шинасы — біртұтас етіп дайындалған камералы шина. Диагональды шина — өсі арқылы өтетін жазықтыққа 30°-40° брекерде және қатынаста болатын корд жібіне бұралып иілген пневматикалық шинасы. Жол шинасы — жоғары жылдамдықта жолдың бетімен жақсы іліністі қамтамассыз ететін протекторында суреті бар шина. Қысқы шина — қарлы, сулы және қопсылы жолдарда жұмыс істеу үшін бедеріндегі қысқы суреті протекторы бар шина. Камералы шина — покрышкасы, камерасы болатын, ал жүк автомобильдердің шинасындағы құрсау лентасы болатын пневматикалық шина. Төмен қысымды шина — ішкі қысымы 0,1 -0,4 мПа аралығында болатын пневматикалық шина. Биіктігі төмен шина — әдетте жеңіл автокөліктерде пайдаланылатын, сапа биіктігінің, еніне 0,1-0,9 қатынасына тең пневматикалық шина. Пішіні әдеттегідей шина — биіктігінің, еніне қатынасына 0,9-1,0 тең болатын пневматикалық шина. Диагональды белдеуленген шина — шинаның өсі арқылы өтетін, брекердегі жіпшелердің орналасу бұрышы 60° диагональды шина. Пневматикалық шина — саңылаусыз қуыстағы сығылған ауа есебінен иілімділігі туатын шина. Жүру қабілеті жоғары шина — автомобильге дымқыл қара топырақта, дымқыл шыбындықта, қарлы далада жүруге мүмкіндік беретін, протектор суреті бар, өту мүмкіндігі жоғары, пневматикалық шина. Радиалды шина — ауыр жүкті көтеруге төзімді, жоғары иілімді, корд жіпшелері радиалды орналасқан пневматикалық шина. Қысымын реттеуге келетін шина — саласы кеңейтілген, жоғары иілімді, ауаның ауыспалы 0,05 тен 0,35 мПа-ға дейін қысыммен жұмыс істеуге қабілетті пневматикалық шина. Қысымы төмендеген шина — ішкі қысымы 0,05-0,08 мПа болатын пневматикалық шина. Болат каркасты шина — корды металл жіпшелерден жасалған радиалды шина. Орташа қысымды шина — ішкі ауа қысымы 0,4-0,6 мПа болатын пневматикалық шина. «РС» типті шина — әдетте сақина түрінде болатын, шешілмелі протекторы бар радиалды шина. Әмбебап шина — топырақты, құмды жолдарда пайдалану үшін арналған, протектордың суреті бар пневматикалық шина. Тікенекті шина — дөңгелектердің сыртқы резеңкесі тікенектелген болып келетін, мұзды, тайғақ жолда жүруді оңайлататын пневматикалық шина. Кең пішінді шина — әдетте төмендетілген немесе реттелетін ішкі қысымы бар, биіктігінің еніне қатынасы 0,6-0,8 тең пневматикалық шина.

Дереккөздер

Санат:Транспорт